Ответ:
Досқа хат.
Саламатсыңба досым Мұстафа,жағдайың қалай?Аман сау Қытай елінде жүрмісің?Қазақстанға қашан келесің?Ата-әжем Қазақстанға көшеді,-деп едің,көшу мәселесі не болды?Не жаңалық?Менде бәрі жақсы,аманбыз.Әкем мен анам саған сәлем айтуда.Мұстафа елге келсең,қыста келме.Келсең,жазда кел.Алматы қаласын аралатамын.Әкеме айтып,Медеуге,Көктөбеге,зоопаркке,Алмарасанға,Шымбұлаққа тау-шаңғылық курортына апарып көрсетемін.Алатаудың баурайында атамның үйіне барамыз.Шіркін! Таудың табиғаты керемет қой!Атамның сәйгүліктеріне мініп,балалармен жарысамыз.Таудан аққан мұздай,мөлдір судан ішіп,шомыламыз.Таудын жабайы жидектерін,алмасын айтсаңшы!Саған бәрін айтып жеткізе алмаймын.Кел,келгесін керемет жерлерді көрсетемін.Ал,Мұстафа қуанышты күндері кездесеміз бұйырса.Қазақстанға кел-келме,саулығыңды білдіріп,хатқа жауап жаз.Хош сау бол досым.Сәлеммен досың: Бауыржан.