Ответ:
Өз елімде саяхаттау мүмкіндігі болса,соңғы кезде халықтың бәрінің көп барып жатқан жері - Түркістан өңіріне барар едім.Түркістан - қазақтың ең көне қалаларының бірі.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі,Күлтөбе қалашығы,Есім ханның кесенесі,Шығыс моншасы,Жұма мешіті секілді тарихи ескерткіштері бар.Тарихи естеліктерге бай қала.Жақында Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен - сарай"туристік кешені ашылды.Кешенде "Жібек жолы"дәуіріндегі қолөнер мен саудагерлер көшесі бар."Ұшатын театр","Амфитеатр","Шығыс базары",отбасылық ойын - сауық орталықтары ашылған.Кешендегі барлық құрылыстар су арнасы арқылы байланыстырылған және суда "Қайық шеруі" театрландырылған шоу өтеді.Саяхаттап,тамашалап қайтуға таптырмайтын жер.