XIX ғасырдың жетпісінші жылдарында кітапты көп оқитын ел ретінде танылған Қазақстан...

+185 голосов
6.0m просмотров

XIX ғасырдың жетпісінші жылдарында кітапты көп оқитын ел ретінде танылған Қазақстан бүгінде сол деңгейден көріне ме? Көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріп,эссе жазыныз 100-120соз​


Қазақ тiлi | 6.0m просмотров
Дан 1 ответ
+119 голосов

Ответ:

Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иə, алғашқы бұйрығы ا ﻗ ﺮْ أَ ْ «Оқы!»[139] деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мəндегі жəне сол мəннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс»[140]. Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда. Бұған қоса, қалам мен сиясауытты (нун) жеке-дара атап серт беруі де осы мағынаны үстемелейді. «Екі күні бірдей өткен адам зиянда» деп, күн сайын білімге білім жамап отырудың қажеттігін ескерткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.с.) оқуға, ілім үйренуге шақыратын хадистері көп. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»[141], «Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері) ілім үйренушіге игі дұға тілейді»[142], «Аллаһ ілім арқылы бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін болатын»[143] деген хадистерін осылардың қатарында атап өтуге болады. Х – XII ғасырларда Ислам əлемінде ғылым-білімнің шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп, кітапханалар саны көбейді. əл-Мəмун дəуірінде (786-833) Бағдатта «Бəйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты алғашқы кітапхана əрі обсерваториялар салына бастады[144]. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана жұмыс істеген деген деректер кездеседі[145]. Ең соңғы кітапхана он мың том кітабы бар уəзір Ибнул-Алқамаға тəн болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар кітапханасының кебін киген[146]. Харұн Рашид дəуірінде араб тарихшысы Омар Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге жүк боларлық кітабы болған[147]. Көне мəліметтерде Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың) том қолжазба сақталғандығы айтылады[148]. Иранда да халыққа арналған жалпы жəне жеке кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Шираз бен Мəру қалаларында еді[149]. Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана əдістемесі тұрғысынан Ислам əлемі Еуропа кітапхана жүйесінен үш-төрт ғасыр озып кеткен. Орта дəуір Еуропасы бұл кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап тізіп қоятындай əлі дамымаған еді. Оқырманға кітап осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті ашық темір торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан кездері де кездескен[150]. Бұл кезде мұсылмандардың мəдениет ошағы болған Андалусияда əл-Хакам атты халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың) кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі V Чарлздың кітапханасы небəрі 900-ақ (тоғыз жүз) еңбектен аспаған[151]. Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық, 63 жасында қайтыс болған əйгілі мұсылман ғалымы Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде, кісі бойынан асатын деседі. Тəпір саласында жазған еңбегінің өзі он екі мың бетті құраған

(67 баллов)