Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлыттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз. (1 балл) А) табиғат құбылыстарыB) жастар тәрбиесі С) саясат мәселесіD) ғашықтық2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай? (1 балл)А) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтауB) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттауD) білім алуға шақыру 3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, (1балл) А) Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. B) Алты қанат ақ орда үй шайқалды. С) Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, D) Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 5. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. (3 балл)А) Өлеңде қай мезгіл суреттелген? Б) Бұл мезгілдерде қандай өзгерістер болады?В) Бұл мезгілдің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерешеліктері бар?Жазылым