Перевидите текст пожалуйста очень срочно
Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай қарай зытам ... Зытып келе жатқанымқашып келемін,- артыма қарай беретінім қорқып келемін ..Мен қазір ондамын. «Əліпті таяқ» деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді,жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.- Енді естияр азамат болдың .... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сенбағасың! - деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да, өзі аяқ-еңбек іздеп қалаға кеттіҚалаға кіріп қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуініңжанына келдім де жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліпжамбасқа жайлы төсек бола кетті...О,қасқаңның жатысын-ай !... - деп тап өзіме ұқсаған екі бала мені аяқтарыменбүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем көзімді ашуға дəрменім жетпеді. Аржағын білмеймін тас болып қатып қалсам керек, түнде өліп жатқан бала сен бе едің, əй? -дегенде артыма қарасам, бір ересек бір кішірек бала өзен жағасына жақындай берген екен.Біреуі ашаң сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нəрсе жоқ. Күнге кұйіпкүрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстасболуы керек, ақшыл денелі арық бір аяғын ақсай басып келеді