Ответ:
Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсіресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айтқанда, сарбаздай сап түзеп тұрған оқушылар, оның ішінде бастауыш сынып бүлдіршіндері оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үндерімен әуелете айтқанда, зал ішін керемет бір толқын кернеп кеткені анық.
Осыдан болу керек, атам қазақтың қуанышты сәтті «Үлкенінің мыңына бергенше, баланың біріне бер» дейтіні. Тіпті, сол тұста «Бағалай білу, ең әуелі өзімізді қадірлей білу» (А.Байтұрсынұлы) үлгісін ұл мен қыз айқын көрсетіп тұрды.