Ответ:
2тапсырма ответі:
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Біздер Қазақстандықтар — бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Осындай елде туылып, өмір сүргенімді мақтан етемін.Отан алдындағы парызым-ұлы жауапкершілікпен білім алып, елдің өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.Қазақ хандығының 550 жылдығы- ұлтымыздың рухы мен мемлекетіміздің мерейі үшін ерекше оқиға. Сыр бойы-қазақ даласында дәуірлеген мемлекеттер ту тігіп,астанасын салған қасиетті жер.Мұнда Сақ мемлекетінің ордасы,әрі көне қала мәдениетінің орталығы-Шірік-Рабат шахары,Оғыз мемлекетінің астанасына айналған Жанкент,Қыпшақ және Қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы салынған.ХХ ғасырдың басында, Қазақ елінің алғашқы астанасы болған бүгінгі Қызылорда қаласының киелі Сунақата ауылында тұрамын.Сыр бойы-бүкіл түркі халықтарына ортақ абыз,бүгінгі Мәңгілік ел идеясының бір тамыры өзінен бастау алатын, ойшыл, мәңгілік өмірдің кілтін руханияттан тапқан сазгер, ыспалы музыкалық аспаптардың атасы Қорқыт бабамыз өмір сүрген, мәңгілік мекен еткен киелі топырақта дүниеге келгеніме шүкір деймін.