Ответ:
Роботтар адамдарды алмастыруда. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған кезеңі десек, артық айтқандық болмас. Олай дейтін себебім, бүгінде технология әлемінде ғалымдар күн сайын жаңалық ашуда, тіпті адамдардың өмірін жеңілдететін гуманоид роботтарды ойлап табуда. Егер роботтың мағынасын анықтайтын болсақ, онда ол адамның қозғалыстары мен қимылдарын қайталайтын автоматтандырылған адамға бағытталған машина. Жақында ойлап табылған роботтар адам еңбегін ішінара немесе толығымен алмастыра алады, олардың кейбіреулері ойын-сауық мақсатында пайдаланылады. Робототехниканың даму барысында адамдар монотонды ауыр жұмыстан, жоғары радиациядан, жоғары немесе төмен температурадан, жетуге қиын жерлерден (су асты, ғарыш) құтылды.Технологияның дамуы тоқтамайды. Қазіргі уақытта адамдарды толығымен алмастыра алатын, тіпті адаммен толыққанды диалог пен бала күтімі үшін пайдалануға болатын роботтар жасалуда. Робототехника кешені – «ұшқышсыз технологияларды» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бірінші буыны.Еңбек ресурстарының тапшылығы жағдайында роботтарды пайдалану өте маңызды.Бұл заманауи қажеттілік және тренд.
Объяснение:
пожалуйста 5 звездочек