Ответ:"Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі" бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. "Ел ерімен еңселі," "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр- аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды.
Иә, қанқұйлы, сұрапыл соғыстың біткеніне де жетпіс жыл болады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс үшін төленген құнның бірі— балалық шағын соғыс өрті шарпыған балалардың көз жасы. Соғыс және балалар деген ұғымның санаға симайтын, бір – біріне сәйкес келмейтін ұғым екенін түсінеміз. Дегенмен 1941-1945 жылдардағы балаларға соғыстың бар ауыртпалығын бастарынан өткізуге тура келді. Олар аштықты, жалаңаштықты көріп, қара қағаздан қайғы жұтып, зар жылаған ана дауысын естіп өсті.
Объяснение