Объяснение:
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар, форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болган. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Қелдібекұлы (1667—1764) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.