Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын
тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр
ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір
құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы,
қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы
үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.