Дананың сөзі ақылдың көзі эссе помогите пожалуста (200слов),Синтаксический и...

+679 голосов
1.2m просмотров

Дананың сөзі ақылдың көзі эссе помогите пожалуста (200слов),Синтаксический и морфологический анализ одного и того же эссе


Қазақ тiлi | 1.2m просмотров
Дан 1 ответ
+133 голосов

Ответ:

Сөздің қазақ халқының өмірінде алар орны зор.Ежелден-ақ халқымыз аталы сөзге тоқтай білген.Сөзбен қуанышқа бөленді,сөздің кесірінен зардап шекті.Сөз халқымызға шешілмес дауды шешіп берді.Ол тіпті жауға қарсы тұрар қару да болды.Ия,олай болса халқымыз сөзді тәрбие құралы санауы да сөзсіз еді.

Дана халқымыздан бізге,бүгінгі күнге жеткен даналық сөздері де аз емес.Даналық сөздер деген кезде менің ойыма бірден мақал-мәтелдер келеді.Сонан соң бата-тілектер,шешендік сөздер,нақыл сөздер,тыйым сөздер,тұрақты сөз тіркестері бар.Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді.Бұл сөздердің барлығында үлкен мән-мағына жатырғандығын ұмытпаған жөн.Себебі,олар белгілі бір тарихи кезеңде не болмаса айтулы,сабақ болар оқиға үстінде шығарылған."Отыз тістен шыққан сөз,отыз руға тарайды" дегендей,қазіргі таңда сонау замандағы аталар сөзіне тең келер еш нәрсе жоқ.Сол сөздердің ішінен мен шешендік сөзге айрықша тоқталып өткім келеді.Шешендік сөздер – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,қоғам өміріне табиғат құбылыстарына байланысты терең ой,бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы,тапқырлық сөздер.Мысалы, Кетбұға Абыз бір сөзінде:

...Аяқ-қолдың қадірін

Ақсағанда білерсің.

Отыз тістің қадірін

Қақсағанда білерсің.

Қызыл тілдің қадірін

Тоқтағанда білерсің.

Білгеніңді сөйлеп қал,

Білгендерден ғибрат ал!-депті.Бұл сөз бізге әр нәрсені қанағат тұтуға,не жағдай болмасын орнына қойып,саралауға үйретеді.

Осындай дара да дана ата-бабамыз айтып кеткен ұлы сөздерді ұмыттырмай,келешекке мүлтіксіз таза күйінде жеткізсек деймін

Объяснение: