«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі...

+649 голосов
5.6m просмотров

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы қажет деген сауалды мен өзіме сәт сайын қоямын. Осы жайлы ой орамдарын қағазға түсіріп, «Тәуелсіздік толғауы» деп атадым. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға, бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастыратын ертеңгі ұрпаққа арналады. Заман ағымы бізді ҚР тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне рнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Ол біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орнымен, ұлан-ғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды. Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүріп өткен сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буыннның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі. Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогреске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар. Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз. Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!» Н.Ә.Назарбаев Сурак койу керек и диалог


Қазақ тiлi (18 баллов) | 5.6m просмотров
Дан 1 ответ
+76 голосов
Правильный ответ

Ответ:

• Саламатсыз ба, тұңғыш президентіміздің жариялаған "Тәуелсіздік толғауы" атты ой орамдарына сай сұрақ қойғым келіп еді,уақытыңыз барма?

• Саламатсыз,азғана уақытым бар,қойып үлгеріңіз.

• "Тәуелсіздік толғауы" кімдерге арналған?

• Н.Назарбаев бұл ой толғау еліміздің азаматтарына,жалынды жастарға,ертеңгі ұрпаққа арнаған.

• Тәуелсіздік туралы президентіміз не айтты?

• Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді.Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді,біріктіреді,бойымызға қуат беріп,сенімімізді нығайтады,- деп толғайды Елбасы.

• "Мәңгілік ел" туралы ойтолғауын айта кетіңізші?

• Мәңгілік ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы.Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып,біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз,оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз,- деді Н.Назарбаев.

• Уақыт бөлгеніңізге рахмет,Сау болыңыз.

• Сау бол.

(1.5k баллов)