Тәуелсіз елдің ұланымыз эссе 180 сөз​

+148 голосов
978k просмотров

Тәуелсіз елдің ұланымыз эссе 180 сөз​


Қазақ тiлi | 978k просмотров
Дан 1 ответ
+176 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген армандары,азаттық жолында құрбан болған боздақтардың аманаты.Қазақ халқы өздігінен ешкімге соғыс ашпаған,бейбітшілікті сүйетін халық.Біздің ұрпаққа осы тәуелсіздікті көру бұйырды.Еліміз егемендік алғалы халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарды.Еліміздің өз ән ұраны,елтаңбасы,көк түсті туы бар.Тәуелсіз елдің ұланымыз.Тәуелсіздік алғалы "Болашақ"бағдарламасы бойынша жастардың шет елде білім алуына жағдай жасалды.Инновациялық,дарынды балалар мектептері ашылды.Жастардың жан-жақты білім алуына,үш тілді біліп,шет елдің ең жақсы деген жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік ашылды.Қазақстан жас мемлекет болсада,көп елдерден алда келеді.Тәуелсіздік - біздің басты құндылығымыз.Бұл "Желтоқсан "оқиғасында бостандыққа ұмтылған жастардың қайсар рухының жемісі.Қазіргі егемен Қазақстан әлемде өз болашағынан үлкен үміт күттіретін,халқы,жері бай мемлекет.Тәуелсіз Қазақстан тек өз ішінде ғана емес,бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда,шешуде ықпалды рөл атқаратын мемлекетке айналды.Тәуелсіз елдің ұрпақтары ретінде біздің міндетіміз - өткен тарихымызды білетін,бүгінгі өмірді түсінетін,ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.Тәуелсіздік - болашақ ұрпаққа жарқын жол ашып берді.Сол жолмен адаспай жүріп елімізді өркендету,біздің борышымыз.Бүгінгі бейбітшілік бақытты өмірді сүре отырып,жаңа биіктерге ұмтылу,тәуелсіз елдің ұрпағының міндеті.Тәуелсіз елім мәңгі жасай бер!

(1.4k баллов)