Сочинение ** тему (школа) ** казахском языке

0 голосов
77 просмотров

Сочинение на тему (школа) на казахском языке


Қазақ тiлi (12 баллов) | 77 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап,  есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі  сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен  де сол жерге дейін барып  биік шындардан  көрінерін анық.   Мен қазіргі таңда Астана қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдететің Ғали Орманов атындағы  №7 мектеп- гимназиясында  оқимын. Бұл мектепке 2005 жылы шілденің 5- ші жұлдызында ұлттық әдебиетіміздің  көрнекті өкілінің бірі , белгілі ақын Ғали Ормановтың есімі беріліп, ақын атамызға арналған мұражай ашылды. Ақын есімін  беру кешіне Ғали Ормановтың қызы, жиені, замандастары мен шәкірттері келді деседі. Мектебіміздің тұсауын да Ғали Ормановтың қызы  Жәмиға апай мен Елордада  Қазақ мектептерінің ашылуына зор үлек қосып жүрген  Әсима  Темкенқызы кесіпті. Салтанатты рәсімдеуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат вице-министрі Ержан Бабақұмовтың құттықтау хаты оқылып , ата-аналар тарапынан мұражайға бағалы сыйлықтар тарту етілді.   Осындай өмірі ұрпағына өнеге болған белгілі ақын Ғали Ормановтың жуырда «Ғали ғибраты» атты кеш ұйымдастырылуда. Ол кешке мектебіміздің әр сыныбынан оқушылар қатысып, оның жырларымен сусындатуға  ат салыспақ.  Міне, сол аяулы да ардақты мектебімізге бүгінгі күні 20 жыл толып отыр. Осы мектебіміздің туған күніне байланысты мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Және сол  іс-шараға дамыл таппай ат салысып жүрген аяулы ұстаздарымыз да баршылық. Ойымды қорытындылай келе мен мектебімнің туған күніне  жүрек жарды бар лебізім  жинақтарған мына өлең шумақтарын арнаймын:                                                                                        Мектебім менің, мектебім!          Мектебім  менің, болашағым өркенім,                              
 Бәрі  өзіңде сұлу әуен, көркем үн.

Ылғидағы демеу болсаң артымда ,                               
Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.
                                
Алтын ордам, білім беріп таспалаған,
                           
Білімімен әрбір шыңға ол тас қалаған.
                           
Ыстығы мен  суығына  бірге төзіп
                           
Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл  анадан.
                                  
Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,
                           
Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар
                           
 Білім беріп , тәрбиеге үйреткен
                           
Туа берсін  өзіңе арналған тармақтар!
(64 баллов)