Ответ:
Қозы Көрпеш - Баян сұлу - қазақ халқының лиро - эпостық жырларының бірі.Ауызша таралып, ғасырдан - ғасырға жеткен дүние.Қозы Көрпеш - басты кейіпкер.Қиындыққа мойымайтын,батыл жігіт.Жастай атастырылған сүйгені Баянға қосылу үшін алдындағы бар қиыншылықты жеңіп,шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдеп кеткен тұлға.Әкесі Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп,құда болуға бекіскен.Қозының әкесі қайсар,батыл,ақылды кісі болған.Қозы туғанда,баласын көре алмай қайтыс болады.Оқиға желісі Сарыбай өлгесін Қозыға қызын бергісі келмеген Қарабайдың іс -әрекеттерімен өрбиді.Қозы Көрпеш мерген,батыр жігіт болып өседі.Қозы өз сүйгені үшін,шынайы махаббаты үшін құрбан болады.Оны ештеңеге қаратпай Баянға қарай сүйреген сезіміне қайран қалып,әсерлендім.Өз Баянын іздеп тауып,табысады.Бірақ қыз әкесі Қарабай,Қодар қарсы болып,Қозыны ақыры өлтіріп тынады.Баян Сұлу ішқұса болып,ғашығының қасына келіп өз - өзіне қол жұмсайды.Екі ғашық шынайы махаббаттың символы болып халық аузындағы дастанға айналады.Қазіргі қазақ жастары махаббат күнін - 14 ақпанда "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу"күні ретінде тойлайды.