Вставить пропущенные слова и сделать упражнения, пожалуйста помогит Табиғат Қазақ...

+795 голосов
1.7m просмотров

Вставить пропущенные слова и сделать упражнения, пожалуйста помогит Табиғат Қазақ к...шіп-қонып ...мір кешкен халық. Олар көш...п жүріп жер бедерінің сан ал...ан түрін кездест...ретін және соның әр..айсысына ат қойып отырған. Ал б...л к..ріністермен ерте кездегі ...азақ балалары туа таныс болатын. Өйткені б...кіл тіршіл...гі табиғат аясы..да өтетін еді. Табиғат деме...ші, әлемде таби...аттай күрделі, құд...ретті, бай нәрсе жоқ. Ол адамнан бастап, өлі-т...рі затты... бәрін де жарата алады және шет...нен жойып та отырады. Мыс...лы, жанды зат ...леді, өсімдік шіриді, тас үг...леді, сөйтіп, топыраққа айналады. Сондықтан да д...ниедегі ең асыл зат топыра... десек, қателеспейміз. Өйткен... әлемдегі бар затты бойына сі...іретін де, оны қайтаратын да – топырақ. Топыра...тан сан алуан өсімд...ктер: шөптер ағаштар, жемістер, д...нді дақылдар, г...лдер т.б. өз қажетін алып, өсіп шы...ады. Бай...ап көрсек, жер атымен ата...ы осындай бір ерекшеліг...не немесе бедер...не қарай аталады екен. Бұрын...ы ауыл балалары б...гінгідей ғылыми зерттеп білмесе де, көзімен к...ріп, ортасында өс...тін. Бір сөзбен айтқанда, таби...атты туа танитын. (141 сөз) 1. «Табиғат», «Өсімдік» сөздеріне фонетикалық талдау жасау. 2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу. 3. Соңғы абзацқа синтаксистік талдау жасау.


Қазақ тiлi (65 баллов) | 1.7m просмотров
+93

конечно

+54

спасибо за любую помощь)

Дан 1 ответ
+121 голосов
Правильный ответ

Табиғат

 Қазақ көшіп-қонып өмір кешкен халық. Олар көшіп жүріп жер бедерінің сан  алуан түрін кездестіретін және соның әрқайсысына ат қойып отырған. Ал бұл  көріністермен ерте кездегі қазақ балалары туа таныс болатын. Өйткені бүкіл  тіршілігі табиғат аясында өтетін еді.  Табиғат демекші, әлемде табиғаттай күрделі, құдыретті, бай нәрсе жоқ. Ол  адамнан бастап, өлі-тірі заттың бәрін де жарата алады және шетінен жойып та  отырады. Мысалы, жанды зат өледі, өсімдік шіриді, тас үгітіледі, сөйтіп,  топыраққа айналады. Сондықтан да дүниедегі ең асыл зат топырақ десек,  қателеспейміз. Өйткені әлемдегі бар затты бойына сіңіретін де, оны қайтаратын  да – топырақ. Топырақтан сан алуан өсімдіктер: шөптер ағаштар, жемістер,  дәнді дақылдар, гүлдер т.б. өз қажетін алып, өсіп шығады.  Байқап көрсек, жер атымен атауы осындай бір ерекшелігіне немесе бедеріне  қарай аталады екен.  Бұрынғы ауыл балалары бүгінгідей ғылыми зерттеп білмесе де, көзімен көріп,  ортасында өсетін. Бір сөзбен айтқанда, табиғатты туа танитын.

(141 сөз)

1. «Табиғат», «Өсімдік» сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Табиғат - 7 әріп, 7 дыбыс. з буын: та-би-ғат (ашық-ашық-бітеу).

Т - дауыссыз, қатаң.

А - дауысты, жуан, езулік, ашық.

Б - д/сыз, ұяң.

И - д/ты, жіңішке, езулік, қысаң.

Ғ - д/сыз, ұяң.

А - д/ты, жуан, езулік ашық.

Т - д/сыз, қатаң.

Өсімдік - 7 әріп, 7 дыбыс. 3 буын: ө-сім-дік (ашық-бітеу-бітеу).

Ө - д/ты, жіңішке, еріндік, ашық.

С - д/сыз, қатаң,

І -  д/ты, жіңішке, езулік, қысаң.

М - д/сыз, үнді.

Д - д/сыз, ұяң.

І - д/ты, жіңішке, езулік, қысаң.

К - д/сыз, қатаң.

2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.

Ерте кездегі, күрделі, құдыретті, бай, жанды, асыл.

3. Соңғы абзацқа синтаксистік талдау жасау.

Соңғы абзац қай жері екені анық емес. Соңғы 2 сөйлемді талдайын.

Бұрынғы - анықтауыш (қай?)

ауыл - анықтауыш (ненің? ауылдың)

балалары - бастауыш (кімдер?)

бүгінгідей - пысықтауыш (қалай?)

ғылыми - анықтауыш (қалай?)

зерттеп білмесе де, - баяндауыш (не істемесе де?)

көзімен - толықтауыш (немен?)

көріп,  - баяндауыш (не істеп?)

ортасында - толықтауыш (несінде?)

өсетін. - баяндауыш (не істейтін?)

Бір сөзбен - пысықтауыш (қалай?)

айтқанда, - баяндауыш (не істегенде?)

табиғатты - толықтауыш (нені?)

туа танитын. - баяндауыш (не істейтін?)

(17.0k баллов)