«Ойлау», «Зерттеу» етістігін 4 райға қойып жіктеңіздер.

+178 голосов
3.6m просмотров

«Ойлау», «Зерттеу» етістігін 4 райға қойып жіктеңіздер.


Қазақ тiлi (13 баллов) | 3.6m просмотров
Дан 1 ответ
+155 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Ашық рай – іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді.

Мен ойлап отырмын, ойладым, ойлаймын.

Сен ойлап отырсың, ойладың, ойлайсың.

Сіз ойлап отырсыз, ойладыңыз, ойлайсыз.

Ол ойлап отыр, ойлады, ойлайды.

Біз ойлап отырмыз, ойладық, ойлаймыз.

Сендер ойлап отырсыңдар, ойладыңдар, ойлайсыңдар.

Сіздер ойлап отырсыздар, ойладыңыздар, ойлайсыздар.

Олар ойлап отыр, ойлады, ойлайды.

Мен зерттеп жатырмын, зерттедім, зерттеймін.

Сен зерттеп жатырсың, зерттедің, зерттейсің.

Сіз зерттеп жатырсыз, зерттедіңіз, зерттейсіз.

Ол зерттеп жатыр, зерттеді, зерттейді.

Біз зерттеп жатырмыз, зерттедік, зерттейміз

Сендер зерттеп жатырсыңдар, зерттедіңдер, зерттейсіңдер.

Сіздер зерттеп жатырсыздар, зерттедіңіздер, зерттейсіздер.

Олар зерттеп жатыр, зерттеді, зерттейді.

Бұйрық рай –  іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Етістікке-айын,-ейін,-ыңыз,-іңіз,-сын,-сін,-айық,-ейік,-ыңыздар, -іңіздер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады.

Мен ойлайын, зерттейін.

Сен ойла, зертте.

Сіз ойлаңыз, зерттеңіз.

Ол ойласын, зерттесін.

Біз ойлайық, зерттейік.

Сендер ойлаңдар, зерттеңзер.

Сіздер ойлаңыздар, зерттеңіздер.

Олар ойласын, зерттесін.

Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмау шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мен ойласам, зерттесем.

Сен ойласаң, зерттесең.

Сіз ойласаңыз, зерттесеңіз.

Ол ойласа, зерттесе.

Біз ойласақ, зерттесек.

Сендер ойласаңдар, зерттесеңдер.

Сіздер ойласаңыздар, зерттесеңіздер.

Олар ойласа, зерттесе.

Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді.

Ойласам игі еді, зерттегім келеді.

Ойласаң игі еді, зерттегің келеді.

Ойласаңыз игі еді, зерттегіңіз келеді.

Ойласа игі еді, зерттегісі келеді.

Ойласақ игі еді, зерттегіміз келеді.

Ойласаңдар игі еді, зерттегілерің келеді.

Ойласаңыздар игі еді, зерттегілеріңіз келеді.

Ойласа игі еді, зерттегісі келеді.

(4.4k баллов)