Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын,
қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы
үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа
пішінд болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі
асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.