Ответ:
Абай Құанабаев шығармалары үш жүйемен өрбіген.1.Төл өлеңдері.2.Қара сөздері.3.Аударма өлеңдері.Абай өз өлеңдерін 10жасында жазғанмен, 40жасында ғана сөз өнерінің халықтың санасына ықпал тигізетінін түсініп,көркем әднбиетке шындап ықылас қойған.Абай өлеңдері лирикадан құралған.Өлеңдерінің бәрінен қазақтың ұлттық сипаты айқын көрініп тұрады.Абайдың "Қара сөздері" - дүниетанымының тереңдігімен,тақырыптың көлемділігімен және саяси - әлеуметтік салмақтылығыменде құнды әрі маңызды.Ұлы Абай музыка саласындада келешек ұрпаққа құнды мұра қалдырды.Абай әндері қалың қазақ елінің игілігіне айналды.Абайдың өлеңдері мен қара сөздері сол заманғы қазақ қоғамы өмірін ашық көрсетті.Абай Құнанбаев шығармашылығы қазақ халқының тарихында,әдебиетімізде маңызды орын алады.Абай шығармалары бүкіл адамзаттың рухани қазынасы.Абай шығармаларынын тәрбиелік мәні жоғары.Абай шығармаларындағы шынайы гуманизм,адам мүддесіне деген ерекше ынта мен қамқорлық,өмірдің көзіне жалтармай қарайтын шыншылдық,енжарлықты жек көретін рухани максимализм біздің бүгінгі еліміздің бастамаларымызға негіз болмақ.Абай Құнанбаев шығармалары болашақ ұрпаққа рухани қазына.