Сочинение ** тему менин отаным

0 голосов
60 просмотров

Сочинение на тему менин отаным


Қазақ тiлi (121 баллов) | 60 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
  Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.         Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.         Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.         Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!          Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.         Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз:                                                                      « Сендердікі қоғам, өмір, заман да,                                                                        Сен түзеген қалаңменен далаң да,                                                                        Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
(94 баллов)
0

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандаган1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды.Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді.2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады.Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:Менің Отаным – Қазақстан,Жасара бер әрқашан!