(текст)
Біз жылда «Отбасы күнін» шағын мейрам ретінде атап өтеміз. «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісінде болады. Бұл күні отбасы мүшелері, ағайын-туыс үйге жиналады. Біз бір-бірімізге сыйлықтар береміз. Осылайша, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. Әкем анам мен әжеме гүлшоқтарын береді.
Анам мерекелік дастарқан жаяды. Мен суретке түсіремін. Отбасылық мереке қызықты өтеді. Атам: «Отан отбасынан басталады. Отбасын жақсы көретін адам Отанын да жақсы көреді»,-дейді. Әкем-отбасының тірегі, анам –отбасының берекесі. Ағайын-туыстарымыз -біздің жақын адамдарымыз.
(задание)
1-тапсырма. Дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
1. Мәтінге сәйкес тірек сөзді анықтаңыз.
А) отбасы
Ә) «Отбасы күні»
Б) қуаныш