Орта ғасырдағы Қазақстан эссе​

+680 голосов
1.5m просмотров

Орта ғасырдағы Қазақстан эссе​


История | 1.5m просмотров
Дан 1 ответ
+96 голосов

Ответ:

Басты бет Қазақстан тарихы Орта ғасырдағы Қазақстан Орта ғасырдағы Қазақстан 26 Шілде 2013 121548 Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Түрік қағанаты (551–603 жж.) «Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.