1. Әке - асқар тау,
Ана -- бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Бұл мақалда отбасы мүшелерінің рөлі айтылған. Әкенің асқар тау секілді мәртебесі биік, жүгі ауыр екенін, ананың сылдыр бұлақ секілді мейірімге толы бейнесін, баланың тау мен бұлақ жанындағы жайнап өсіп жатқан құрақ екенін айтады.
2. Әке - балаға сыншы.
Әкенің өмірі балаға үлгі екені, оның нұсқауы арқылы баланың өсіп, жетілетіні сөз болады.
3. Әкеден - ақыл,
Анадан - мейірім.
Әке ақыл айтып, тәрбие берсе, ана жылу беріп, мейірімге бөлейді. Екеуін де алған бала - бақытты бала.
4. Отан оттан да ыстық.
Туған жерің қашан да ыстық. Себебі ол жерде туып өстің, жетілдің, білім алдың, жақындарыңды таптың.
5. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Туған жерсіз адамның адасып, мекен таба алмай жүрген құс секілді болатынын айтады.
Дерексіз зат есімдер: ақыл, мейірім.
#SPJ3