Сендерге 1 мм, 1 см, 1 дм, 1 км болатын ұзындық бірліктері белгілі
Ұзындықты өлшеу үшін ыңғайлы ұзындық бiрлiгi таңдап алынады.
Мысалы, үй бөлмесінің ұзындығын метрмен, қаламның ұзындығын
дециметр және сантиметрмен, машинаның жүріп өткен жолын кило
метрмен өлшеген ыңғайлы. Аталған ұзындық бірліктерінен басқа да
ұзындық бірліктері бар. 11-бетте кейбір ұзындық бірліктерінің (тұтам,
дюйм, миль, шақырым және т.б.) кестесі келтірілген.