Сабақтың тақырыбы: Еңбек нарығы
Мәтінді оқыңыз. Мәтін не туралы? Еңбек нарығында жұмыскерлерге қандай талаптар қойылады?
Еңбек нарығы – жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтың тікелей әсер етуімен жоғары біліктілікке құрылған еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қаблетті, іскер жұмыскерлер таңдап алынады. Нарық еңбекке қаблетсіздерді, жалқаулар мен әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығы – бәсекелік нарық. Онда жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында сәйкессіздік болады. Жоғары біліктілікті талап ететін жұмыс оырндарының бір бөлігі бос болып қала береді, ал арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлігі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда қандай да жұмыс түрін табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Сонымен бірге өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеген жоғары білікті жұмыскерлер мен мамандар да бір – бірімен бәсекелік сайыста болады.
, Помогити ответит на вопросы