1907 жылы шыққан заң бойынша қазақ халқына қойылған шектеу мен халықтың заңға қатысты іс-әрекетін талдап, сәйкестендір.
1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендiгi жерде бұратана ұлттар, соның iшiнде қазақтарды да сайлау құқығынан айырды. Патша үкiметi Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлi дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907–1917жылдарда қазақтар Ресейдiң Мемлекеттiк Думасына сайланған жоқ. Патша үкiметiнiң бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Қостанай сияқты тағы да басқа қалаларда халық наразылық митингiлерге шықты.