Көне ескерткіштер қай жерлерді табылды?

+922 голосов
1.8m просмотров

Көне ескерткіштер қай жерлерді табылды?


История | 1.8m просмотров
Дан 1 ответ
+161 голосов

Ответ:

Жетісу аумағындағы артефактілері анықталған (барлығы 187 дана) тас дәуірінің тұрақтары Шарын өзені аңғарындағы «Ақтоғай-1-4» ескерткіштерінен табылды. Осы аймақта тұңғыш рет тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ.Таймағамбетов көп мәдени қабаттан тұратын Майбұлақ тұрағын ашты. Ол Алматы облысындағы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жердегі Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан. Төбешік алғашқы кезде биіктігі 150-200 м болған бөлек жотадан тұрған. Қазба жұмыстары төбешіктің орталық бөлігінде жүргізіліп, оның аумағы 130 шаршы метрді құрады. Қазбаның тереңдігі 8 метрге жетіп, үш мәдени қабат анықталды. Қазба барысында таспен қаланған ошақ пен оттың орны анықталды. Еңбек құралдарынан екі қырғыш, қырнауыш, ойықты құрал табылды. Мәдени қабаттардың қалыңдығы адамдардың ұзақ уақыттық қонысымен қатар, тұрақ-шеберханалардың болғандығын дәлелдейді.

Объяснение: