Қорқыттың нақыл сөздерінің идеясын аша отырып , Қорқытқа мінездеме беріңдер.

+831 голосов
2.8m просмотров

Қорқыттың нақыл сөздерінің идеясын аша отырып , Қорқытқа мінездеме беріңдер.


Қазақ тiлi (13 баллов) | 2.8m просмотров
Дан 1 ответ
+129 голосов
Правильный ответ

Қорқыт ата– қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт атамыз өз заманында әулие атанып,қоңыр дауысты қобызымен дәуірінен мол мұра берер күй мен жырды тастап кетті. Қорқыт ата философиясының мәні өлім мен өмірдің маңызын іздеуде. "Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың", "Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді" деген нақылдарынан өлімнің барын, одан қашудың бекер екенін, өмірдің құнды екенін, материалдық дүниелер, мүлік дегендер өлімге керек емес екенін басты нысана етіп алады. Яғни, бұл сөздерінің оның терең ойлайтын ойшыл, рухани бай, байсалды да байыпты адам екенін көреміз. Ол тек қара басын ойламайды, көпке, артындағы ұрпағына даналық сөздері мен асыл мұрасын қалдырды. Бұған қарап оның жомарт, көпшіл екенін көреміз.

(17.3k баллов)