Қоғамдағы жастар тәрбиесіне байланысты келеңсіздіктерді шығарма түрінде жаз

+328 голосов
6.0m просмотров

Қоғамдағы жастар тәрбиесіне байланысты келеңсіздіктерді шығарма түрінде жаз


Литература | 6.0m просмотров
Дан 1 ответ
+142 голосов

Ответ:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі мықты болады. Кешегі бабаларымыздың найза ұшымен, білек күшімен алған егеменді, тәуелсіз еліміздің болашағы біздер, жастар. Бірақ қазіргі жастар тәрбиесі қандай? Тәрбие дегендей, ол әлбетте отбасынан басталады. Бала ата-анадан көрген тәрбиесін бойына сіңіріп, соны өзінің өмір тәжірбиесінде қолданады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабаларымыз айтқандай, баланы жастайынан ұятқа, имандылыққа, сыйластыққа үйрету керек.

Кез келген ата-ана баласынан зор үміт күтіп,қолындағы барын беруге дайын. Бірақ қазіргі кезде жұмысбастылық заманда ата-анадан көру керек тәрбиені бала интернет пен теледидардан алады. Досты да содан табады. Қаптап кеткен үнді, корей телесериялдары, қазаққа мүлдем жат қылықтары,бейнелері теріс тәрбие беретіні сөзсіз. Қоғамда сондай бауырларымызды да көріп жүрміз. Еліктегені соншалық, ар-намысты ұмытып, құлақтарына сырға да тақты, көздерінде бояды. Ата-бабасы ерніне жақындатпаған темекіні де шекті, ашты суды да сімірді. Түнгі клубларды аралап, болашақтарына өз қолдарымен балта шабуда. Бірақ жаман жақтарды айта беругеде болмайды. Иманға бет бұрған жастарымызда қаншама.Бес парызын қалдырмай, кәлимасын тастамай иманды жастар өсуде. Елінің ертеңінің жарқын болатына сенетін ұл-қыздарымызда бар. Біздің болашағымыз-жастар деген ұранмен өз елінің тілі үшін, діні үшін, ұлтының тыныштығы үшін жан салуда. Елбасымыз да келешек жастар үшін көптеген жағдай жасауда. Мекемелерді білікті ұстаздар мен тәжірбиелі мамандарға тапсырды. Жастардың қажеттілігі үшін мектептерді замануи жабдықтармен жабдықтады. Болашағы жайлы ойлаған адам үшін жағдайлар шексіз қарастырған. Шет елдерге де тегін оқу мүмкіндігі де бар. Осының бәрі еліміздің келешек жастары үшін жасалған керемет мүмкіндіктер. Өйткені еліміздің ертеңі-білімді, зейінді ұрпақ.

+100

пасибо ✅

+102

молодец

+141

рахмет