Ответ:
Сөз әдебі - тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібі.
Тіл қатудың тәртібі қарым-қатынас жағдайына қарай жұмсалатын арнайы сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады.
Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар арасындағы қатынас саласы» [2]. Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі. Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып саналады.