Тәуелсіз елдің ұланымын ұланымын
Әр адамның өмірінде туған елінің алар орны зор. Себебі ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты, алғашқы қадамдарын басты, білім алды,ер жетті,азамат атанды. Халқымыз: "Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей, оның әр тау-тасы, өзен-көлі мен ну-тоғайы жаныңа ең жақын, ең ыстық. Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Ал енді біреулері, керісінше,туған жерін тастап шет елге асыға кетеді. Осындай кезде "Өз үйім - өлең төсегім" дегенді ұмытпау керек. Қазыбек би:"Алтын ұяң – Отан қымбат,туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат" - деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған. Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып,оның тарихын жете білуіміз керек.
Ата-баба армандаған егемендікке 1991 жылы қол жеткіздік. Тәуелсіздік – мемлекеттің және ұлттың тарихындаы ерекше бет, қазақ халқының ғасырлық арманы.Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқына тәуелсіздік пен егемендік үшін күресуге тура келді.Тәуелсіздіктің арқасында бақытты балалық шаққа кенелдік.
Басқа халықтармен бейбітшілік, келісім және тату көршілік қарым-қатынаста өмір сүруге деген ықыластың арқасында ол тарих ағымында жоғалмады және ондаған жылдар бойы оның мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп,сан ғасырлық ата-бабаларымыздың еркіндік туралы армандарына қол жеткізді.
Қазақстан халқының келісімі мен бірлігі «Бір ел - бір тағдыр» принципіне негізделген елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының іргетасы болды.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикалық дамуда, біздің азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі көтеріліп, демократияның іргетасын қалап, елеулі табысқа қол жеткізді. Енді біз осы тәуелсіздікті мәңгілікке ту етіп ұстап, құлатпауымыз керек. Сонда ғана мәңгі жасайтын мәңгілік ел атанып, елімізді әлемге танытамыз. Мен тәуелсіз ел ұланы ретінде бар білімім мен еңбегімді туған ел болашағына арнаймын.
#SPJ5