Мануфуктура дегеніміз не?

+391 голосов
5.4m просмотров

Мануфуктура дегеніміз не?


История | 5.4m просмотров
Дано ответов: 2
+118 голосов

Ответ:

Мануфактура — еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік. Мануфактура өндіріс үдерісін ұйымдастыру нысаны ретінде Батыс Еуропа елдерінде 16 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңғы ширегіне дейін үстемдік құрды. Мануфактураның екі жолы болды. Олардың бірі — түрлі мамандықтағы қолөнершілерді бір шеберханаға біріктіру. Екіншісі — бір мамандықтағы қолөнершілерді ортақ шеберханаға біріктіріп, олардың арасында еңбекті бөлісу. Мануфактураны ұйымдастырудың бұл екі тәсілінде де жұмысшылар еңбек бөлінісі негізінде маманданады. Мануфактураның техникалық негізі қолөнері болып қалғанымен, қолөнершілер мен мануфактуралық жұмысшылар арасында техникалық тұрғыда үлкен айырмашылық болды. Дербес қолөнерші өнімді толық көлемде дайындау жұмысын бір өзі атқарса, мануфактуралық жұмысшы өнімнің жекелеген бөліктерін дайындау жұмыстарын орындады. Мануфактура, ең алдымен, кооперативтік еңбек нысанымен байланысты болды. 

(60 баллов)
+37 голосов

Ответ:

еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік