І, Жансүгіровтың "Домбыра" немесе "Ана Тілі" өлеңдерін табуға көмектесіңдерші!

0 голосов
101 просмотров

І, Жансүгіровтың "Домбыра" немесе "Ана Тілі" өлеңдерін табуға көмектесіңдерші!


Қазақ тiлi (14 баллов) | 101 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Тарт күйіңді, домбыра!
(Домбыра)
Төгіл, төгіл тәтгі күй,    
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,    
Көкте бұлт ыдыра!         
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!      
Екі желі, үш қазық,           
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра,
Құлшына тарт, домбыра!          
Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат,
Көңілімді қандыра,
Тәтгі-тәтті күйге тарт        
Көргеніңді күй қыла,  
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат,
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт
Жаңа өмірді жыр қыла,      
Шежіре, шешен сұңғыла,-      
Құлшына тарт, домбыра!  
(132 баллов)
0

көп-көп рахмет)))))