Қазақ хандығының әлсіруі және себептері

0 голосов
81 просмотров

Қазақ хандығының әлсіруі және себептері


Қазақ тiлi (12 баллов) | 81 просмотров
0

прошу помогииитееее

0

себебі. орыс патшасының отарлауы,жана реформалар енгізуі жане кейбір казак хандарының саткындығы

Дан 1 ответ
0 голосов
 1Қазақ хандығының әлсіреуінің басты себебі - билеуші әулет өкілдері арасында бірліктің болмай, тақ үшін күрестердің күшеюі болатын.

XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы ауыр кезең – «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама», XX ғасырдың 20-шы жж. соңы мен 30-шы жж. басындағы аштық жылдар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөздермен қалғаны белгілі

Ал XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқы үшін қайғылы жылдар болған, осы жылдары қазақтың хандары мен сұлтандары сыртқы жауларымен соғыстарда көп қаза табады  Мамаш ханның өлтірілуімен басталған «уақытша әлсіреу» кезеңінде тақ үшін болған күрестер мен жауларға қарсы жүргізілген соғыстарда билеуші әулет өкілдерінен 80 астам хандар, сұлтандар әр түрлі жағдайларда қаза табады. 
   

Бұл сан жазба дрек мәліметтері арқылы белгілі болғаны, ал белгісіз болғандары қаншама. Ал қаза болған немесе тұтқынға түскен қарапайым халықтың санын ешкім де айта алмас, тек болжаммен қаза тапқан билеуші әулет өкілдерінен бірнеше жүз есе көп болған деуге болады. Міне, осындай ауыр да қиын жылдары Жетісу жеріне моғол хандарының саяси билігі, Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге шибанилық әулеттің билігі, Қазақстанның батыс бөлігінде ноғай мырзаларының үстемдігі қалыптасады. Осылайша, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік биліктің жойылып, тақ үшін күрестердің өршіп, сыртқы жаулармен болған соғыстарда үнемі жеңіліске ұшырап отырған тұста қазақ халқының жағдайы өте қиын болатын.

(16.0k баллов)