Тол соз бен автор созине мысалдар

0 голосов
113 просмотров

Тол соз бен автор созине мысалдар


Қазақ тiлi (12 баллов) | 113 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады.
Мысалы: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды»деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
 
Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзітүрінде де беріледі. Мысалы: Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.





Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады. 


(16.0k баллов)