Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып , олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар.
1 . Ақылсыз адам айқайлай келеді,
Жан - жағын жайпай келеді .
Ақылды адам жай - жай келеді ,
Жан-жағын байқай келеді .
2 . Сыпайы киімді киіп тоздырады ,
Сараң киімді жиып тоздырады .
3 . Адамды өмір үйретеді .
Үйренбесе , күйретеді .
4 . Жолға шықпай тұрып , жолдасыңды сайла .
5 . Сыпайы сызып айтады .
Шешен қызып айтады .
Шорқақ үзіп айтады .
Жаман бұзып айтады .