Болжалды келер шақ іс-қимылдың орындалуын болжам түрінде көрсетеді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне -ар, -ер, -р және болымсыз етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: қуан- ар -сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т. б.