Жазда мен әжемнің аулына бардым. Әжемнің бір топ ешкілері бар екен.Әжем таңатпай ешкілерін сауып маған сүт әкелетін. Бір күні мен әжеме көмектесейін деп ерте тұрдым.Ешкілерді қорадан шығарып жайылуға жібердім,өзім олардың артынан еріп жүрдім.Ешкілер көк шөптерді жеп,өзеннен су ішіп жайылып жүрді.Кешке таман мен ешкілерді қораларына кіргіздім.Әжем мәз болып, қатты қуанды.