Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.
Ананың сүті-бал, баланың тілі - бал.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.