Қыс келді,Күн қатты аяз,Жердің бәрін аппақ қар басып кетті,Қыс айлары желтоқсан,қаңтар ,ақпан.Қыста мен ұнайтын мерекем бар ол -Жаңа жыл мейрамы.Адамдар үйлеріне шырша алып келіп,оны безендіреді. Таңертең тұрсаң шыршаның хош иісі мұрыныңды жарып барады.Адамдар дастарқанға барлық тәтті тағамдарын дайындап мәз болады.Бәрі көңілді ,түнгі он екіде адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып жатады.
Ал қыстың ең қаһарлы айы ол-ақпан.Ақпан айында кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек. ауысып тұрады
Қыстың келгеніне әсіресе балалар қуанады.Олар шаналарын,шаңғыларын алып сүйретіп жүреді,бір біріне қар лақтырып қыс келгеніне қуанып жатады.