Достык туралы макал метелдер

0 голосов
132 просмотров

Достык туралы макал метелдер


Қазақ тiлi (14 баллов) | 132 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1. Дос жылатып айтады,
    Дұшпан күлдіріп айтады.
2. 
Ағаш тамырымен,
   Адам досымен мықты.
3. 
 Досы көппен сыйлас,
     Досы азбен сырлас.
4. Аққуды атпа,
    Досыңды сатпа.
5. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
6. 
Досы жоқ адам,
    Тұзы жоқ тағам
7. 
Достың орны - төр,
   Дұшпанның орны – көр
8. 
Заттың жаңасы жақсы,
    Достың ескісі жақсы.
9. 
Досы көптің жаны семіреді,
   Асы көптің тәні семіреді.
10. 
Дос тұтқанды қадірле.
11. 
Жалған достан жау артық.
12. 
Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
      Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.
13. 
Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.
14. 
Досы көпті жау алмас.
15. 
Күлме досыңа, келер басыңа.

(12.2k баллов)