Экологиялык, зардап аймағына айналған тағы
бір өлке ол - "Байқоңыр" ғарыш аймағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау
даласының қай түкпіріне үңілсеңіз де, әртүрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып
жүру қиын. Бұлар зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айырылып, жерге құлаған бөлшектері.
Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от
жалынға оранып түскен қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп
кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе
өспейді. Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39
аудан белгілі және ол 105 мың шаршы км-ден асады. Олар төмен құлдилап келе
жатқанда, сұйық отын ретінде қолданылатын дептил төгіліп, шашылып ауаны, жер
мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді
мекеннің үстін себелеп өтеді. Зерттеулер анықтағандай зымыран ұшырылған кезде
ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең. Белгілі
мәліметтер бойынша бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын
зиянды зат мөлшері 300 тоннаға жетеді. Мұның бәрі ең алдымен адамдар
денсаулығына әсер етеді. Осының салдарынан соңғы жылдары әсіресе Ұлытау
ауданының тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан
қысымының көтерілуі, кеміс бала туу, нәрестелердің шетінеуі көбейіп кетті.
составить 5 вопросов и к ним ответы пожалуйста)