Уақытыңды- уақыт (түбір), ың(тәуелдік жалғауының 2 жағы), ды(табыс септігінің жалғауы)
мен- түбір сөз
сабырлық- сабыр(түбірі), лық (зат есім тудырушы жұрнақ)
1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші: ән-ші, аң-шы. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, шебер-лік, дос-тық, т.б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. –шылық, -шілік құранды жұрнақтар: егін-шілік, айырма-шылық.
-ша, -ше: бөлім-ше, маңдай-ша.
-шық, -шік: ойын-шық, үй-шік, т.б.
-ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гүр-іл, т.б. Бұл жұрнақтар көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол құбылыстардың атын білдіреді.