ПОЖАЛУЙСТА НАПИШИТЕ ЧТО НИБУДЬ ПРО АЛИЮ МОЛДАГУЛОВУ ** РУССКОМ И КАЗАХСКОМ ЯЗЫКАХ!

0 голосов
104 просмотров

ПОЖАЛУЙСТА НАПИШИТЕ ЧТО НИБУДЬ ПРО АЛИЮ МОЛДАГУЛОВУ НА РУССКОМ И КАЗАХСКОМ ЯЗЫКАХ!


Қазақ тiлi (381 баллов) | 104 просмотров
0

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата-анасы, ағайын-туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңіңде аштан өлген. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды.

0

9-сыныпта оқыды (қазір ол мектеп Әлия Молдағұлова есімінде). Бірге оқыған сыныптастарының естелігіне қарағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қасиеттері басқалардан айрықша ерекшелендірген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.

0

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататынды.

0

Ол алғашқы жауынгерлік тапсырмаларын Ленинград майданында 1943 жылдың шілде айында орындады. Алғы шепке сұранған ол қасында 3 майдандас қыздарымен бейтарап зонадан өтіп, екі еңгезердей немісті тұтқындаған. Екі ай мерзім ішінде 32 фашистің көзін жойған. 1943 жылы Холм қаласы түбінде барлауға қатысып, нәтижесінде бес "тіл" ұстаған. Холм түбіндегі асқан ерлігі үшін әскери комиссариат Молдағұлованы "Даңқ" орденіне ұсынған.

0

Казачиха селосына келген кезде бригада жауынгерлерінің жартысынан жуығына дейін айрылған еді, бірақ бұйрықты орындау керек. Әлия барлаушылар қатарында біздің жаяу әскерге қауіп төндіріп тұрған жау пулеметін граната лақтырып талқандаған. Өзін нысанаға алған жауды тұтқынға түсіріп, қаңтардың 13-нен 14-не қараған күні Әлия ротаны ұрандап шабуылға көтерді.

0

спасибо большое

0

Оның үні жауынгерлерге дем беріп, соңынан ілескен солдаттар жаудың бетін қайтарады. Осы шайқаста өжет қыз ауыр жараланып, қаһармандықпен қаза тапты.

0

Незачто)

Дан 1 ответ
0 голосов

Шын аты Ілия,соғыстағылар Лия деп те атаған деседі.

(788 баллов)