Казакстан Республикасынын мерекелеры

0 голосов
134 просмотров

Казакстан Республикасынын мерекелеры


Қазақ тiлi (22 баллов) | 134 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:

Жаңа жыл (1-2 кантар)
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
Наурыз мейрамы (22 наурыз)
Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)
Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
Жеңіс күні (9 мамыр)
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)
Республика күні (25 казан).
Сонымен қатар елімізде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Кәсіптік мерекелер негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.Олар:

Отан қорғаушы күні (7 мамыр)
Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),
Баспасөз, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )
Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)
Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)
Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)
Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)
Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,
Білім күні (1 қыркүйек),
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)
Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )
Ұлттық валюта күні (15 караша)
Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)
Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).
Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері демалыс күндері болып саналады.

(194 баллов)