ПЕРЕВОД Балқаштың бойында тұратын менің Егор деген досым бар . Ол балықшы еді . Үйі көлдің жағасында . Қасында қалың қамыс . Егордың үйіне мен келгелі төрт бес күн болды . Бір күні қызық оқиға көрдім.
Түскі тамақтан соң далаға шығып , көлді тамашалап тұр едім , қораға бұзауын ерткен бір сиыр кірді . Оны қалың сона қоршап ұшып жүр .Сиыр құйрағымен де , аяғымен де қорғанған болады . Одан соналар кете қоймайды . Сиыр тура бастырманың астына барды . Мен бұлар қораға неге кірмейді деп ойладым , сөйтсем оның себебі бар екен . Бастырманың астында тауықтар қонақтап отар еді . Олар соналарға жабылып , түгел жоқ қылды. Сөйтіп сонадан қашқан сиыр тауықтарды паналады.