Перевести текст
Ұлыс күні жеті түрлі дәмнен- су, тұз, соғынан қалған сүр ет, езілген құрт, бидай, тары, күріштен қазан толы наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан, көк ырыстан және қызылдан жеті түрлі дәм қойылады. Жиналғандар наурыз көжені тоя ішеді. Наурыз көжеге сүр ет салып пісірілуі - қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы жаз тағамымен қауышудың мәнісін білдіреді. Ал наурыз көжені тойып ішу - "жыл бойына тоқшылық болсын" деген ұғымға саяды.