Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады
Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.
Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б