Интересные факты о пезанской башне ** казахском

0 голосов
90 просмотров

Интересные факты о пезанской башне на казахском


Қазақ тiлi | 90 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Пиза мұнарасы (итал. Torre pendente di Pisa) — 12 — 14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Пиза мұнарасы Пиза қаласында орналасқан. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 — 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. 1275 жылы арх. Джованни ди Симони құрылыс жұмыстарын қайта жаңғыртып, бесінші қабатқа дейін көтерді. 1350 жылы арх. Томазо ди Андреа мұнара құрылысын аяқтап, қола шатырмен жапты. Осылайша Пиза мұнарасы сегіз бұрышты, 11 м биіктіктегі негіз үстіне орнатылған балкондары бар, 6 қабаттан тұратын қоңыраулы мұнараға айналды. Бірінші қабаты тұтас қабырғалардан тұрады. Ал үстіңгі алты қабаты аркада әдісімен, колонналармен әшекейленген. 1964 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұнараны қисайған қалпында құлатпай ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453 т. Қазіргі көлбеулігі 5 °. (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар. Координаттар: 43°43′22.74″ с. е. 10°23′46.71″ ш. б. (G) (O)
1964 жылы 27-ақпанда Италия үкіметі Пизан мұнарасын сақтап қалуға бағытталған ең жақсы жобаға конкурс жариялады. Пизан мұнарасының ұшар басы күннен-күнге өз негізінен ажырап барады. Сарапшылар кішкене жер сілкінісі нәтижесінде ортағасырлық іргетас опырылып түсүі мүмкін деп қорқуда. Пизанның ең басты мәдени ескерткішін сақтап қалуға бағытталған жобалар жан-жақтан келіп түсті. Тек 1999 жылы ғана инженерлік жұмыстар ойдағыдай жүргізіле бастады.
АҚШ-тағы Иллинойс штатындағы Найлс қаласында Пиза мұнарасының дәл көшірмесі тұрғызылған.
(16.0k баллов)
0

Эти факты нужны